«КІТАП ОҚУ – РУХАНИ ӘЛЕМГЕ БАСТАР ЖОЛ»: ДЕКАДАНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУЫ ӨТТІ

«КІТАП ОҚУ – РУХАНИ ӘЛЕМГЕ БАСТАР ЖОЛ»: ДЕКАДАНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУЫ ӨТТІ

2026 жылғы 23 сәуір күні Ғылыми кітапханада Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған «Кітап оқу – рухани әлемге бастар жол» атты онкүндіктің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Іс-шара аясында «Кітап – асыл қазына» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған ҚазҰАЗУ-дың оқытушы-профессорлары У. Керимова, А. Мусоев, М. Жетпейсов, А. Тойгулиева, сондай-ақ «Бизнес және құқық жоғары мектебі» факультетінің 1 курс студенттері қатысты. ЮП 25-10 тобының студенттері кітап тақырыбында баяндамалар жасап, викторина өткізіп, мазмұнды слайдтар ұсынды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.
Онкүндік аясында кітап көрмесі, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер сайысы, көрме-викторина, әдеби вернисаж, дөңгелек үстел және диспуттар ұйымдастырылды. Қатысушылар өздері оқыған кітаптар туралы пікір алмасып, шығармалардың мазмұны мен тәрбиелік маңызын талқылады.
«Ұлттық кітап күні» аясындағы іс-шараларға белсенді қатысқан білім алушылар, оқытушы-профессорлар құрамы және ғылыми қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында оқырмандар ғылыми кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник