Anatom Lider - Атлант, эпистрофей және қисын теңізі
Атлант, эпистрофей және қисын теңізі: Жануарлар анатомиясы олимпиадасы қалай өтті?
Жақында университетімізде жай ғана білім тексеру емес, жануарлар мен құстардың ағзасына нағыз зияткерлік саяхат ұйымдастырылды. Болашақ ветеринарлар тірі ағзаның құрылысын бес саусағындай білетіндерін дәлелдеді!
«Бұл жай ғана олимпиада емес — бұл кәсіби деңгей»
Сайыстың ашылу салтанатында нағыз маман мес қарын мен жұмыршақты ешқашан шатастырмайтыны, ал латын тілі олар үшін екінші ана тілі екені ерекше аталды.
Додаға келесі командалар қатысты: Вет-25-15, Вет-25-16, Вет-25-17, Вет-25-18, ВетПБиТ-25-19.
I КЕЗЕҢ: КЛАССИКА. Студенттер остеология, ангиология және неврология салалары бойынша терең білімдерін көрсетті. Сұрақтар қарапайым ұғымдардан күрделі латын терминдеріне дейін қамтыды. II КЕЗЕҢ: ҚИСЫН ҚАЙДА? Эмодзи-ребустар арқылы қатысушылардың ассоциативті ойлау қабілеті сыналды. Студенттердің зеректігі таң қалдырды! III КЕЗЕҢ: ЭКСТРА-БЛИЦ. «Сенесіз бе / Сенбейсіз бе» форматындағы жылдам сұрақтар. Әр сұраққа небәрі 15 секунд берілді.
🏆 1-ОРЫН — Вет-25-17 командасы 🥈 2-ОРЫН — Вет-25-15 командасы 🥉 3-ОРЫН — Вет-25-18 командасы
Есіңізде болсын: анатомияны білу — тіршілікті іштен түсінуге жасалған ең маңызды қадам!

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
