ҚазҰАЗУ-да ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР МЕН ҚҰЗЫРЕТТЕР АТЛАСТАРЫ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ

ҚазҰАЗУ-да ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР МЕН ҚҰЗЫРЕТТЕР АТЛАСТАРЫ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ

2026 жылдың 29 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде қазіргі еңбек нарығының талаптарына және саланың даму перспективаларына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңартуға бағытталған «Жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктердің атластары» тақырыбындағы стратегиялық сессия өтті.
Сессияны модератор ретінде «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алпысбаева Г.Е. жүргізді.
Сарапшы ретінде ҚР ҒЖБМ «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының» «Мамандығым - болашағым» жобасы жетекшісі Сакенов О.Б. және жоба эксперті Скиба М.А. қатысуымен өтті.
Стратегиялық сессияға университеттің академиялық комитетінің мүшелері және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қатысты.
Жұмыс барысында жоғары білім беруді жаңғыртудың негізгі мәселелері, соның ішінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, жобалық қызметтің басым бағыттарын анықтау және білім беру жолдарын дамытуға салалық жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктер атластары мен кадр қажеттіліктерінің аймақтық карталарын біріктіру қарастырылды.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында сұранысқа ие жаңа мамандықтар мен құзыреттерге басымдық беруге ерекше назар аударылды. Қатысушылар перспективалы біліктіліктерді анықтау, қолданыстағы білім беру бағдарламаларын өзгерту және экономика мен еңбек нарығының ұзақ мерзімді қажеттіліктеріне бағытталған жаңа білім беру жолдарын әзірлеу тәсілдерін талқылады.
Стратегиялық сессиясы қорытындысы бойынша ҚазҰАЗУ білім беру бағдарламаларының өзектілігін, практикалық бағыттылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалды. Бұл ұсыныстар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту мақсаттарына сәйкес кадрларды даярлау мазмұнын жаңарту бойынша одан әрі жұмыс істеуге негіз болады де сенеміз.
 
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник