ҒЫЛЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕ ҰШТАСҚАН СӘТ: ЦИНХУА ТҮЛЕКТЕРІ KazNARU-да
2026 жылдың 5 мамырында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қытай Халық Республикасы Цинхуа университеті түлектері кәсіпорындары Альянсының делегациясымен кездесу өтті.

Делегацияны Цинхуа университеті түлектері кәсіпорындары Альянсының басшысы Цзюй Фугуй бастап келді. Делегация құрамында Guangdong Aileke Technology Co., Ltd., China Merchants Technology Group Co., Ltd., Warner Energy Group Limited, COSCO SHIPPING Logistics Supply Chain Co., Ltd., Honor Device Co., Ltd., China Civil Engineering Construction Corporation, Wisemove Consulting Co., Ltd. және өзге де жетекші компаниялардың өкілдері болды.
.jpeg)
Іс-шараның негізгі мақсаты – аграрлық ғылым, су ресурстарын басқару, инновациялық технологиялар және өндіріс бағыттарындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы қонақтарды оқу орнының ғылыми-зерттеу, білім беру қызметімен, сондай-ақ АҚШ-тың Небраска–Линкольн университетімен бірлескен «Extension» орталығының, «Ауыл шаруашылығы дрондарының ғылыми-білім беру зертханасының», Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен бірлескен «Гидрология және гидротехникалық инженерия» зертханасының және «Қазақстан–Қытай қуаңшылық өңірлерде суды тиімді пайдалану» халықаралық зертханасының жұмысымен таныстырды.

Кездесу барысында Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы, Қазақстан-Қытай ғылыми зерттеу орталығының директоры Думан Иманмади, Халықаралық су орталығының директоры Рябцев Анатолий Дмитриевич, Халықаралық кеңсенің басшысы Абдраманов Абзал, «Су ресурстары және IT-технологиялары» факультетінің деканы Арыстанов Мейрам Буранович және Ғылым департаментінің коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі Сугирбаев Алим Файзуллаевич сөз сөйлеп, өз бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.
.jpeg)
Цинхуа университеті түлектері кәсіпорындары Альянсының басшысы Цзюй Фугуй мырза KazNARU-дың ғылыми әлеуеті мен халықаралық бастамаларына қызығушылық білдіріп, аграрлық сала, су ресурстары, инновациялық технологиялар және инвестициялық жобалар бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. ҚазҰАЗУ мен Цинхуа университеті Су ресурстарын ғылыми басқару жөнінде бірлескен ғылыми орталық құру туралы мәлімдеме жасады.
Кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-білім беруге, технологиялық және инвестициялық әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. KazNARU үшін бұл бастама аграрлық ғылымды, су ресурстарын басқару саласын және инновациялық технологияларды халықаралық деңгейде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)