KazNARU ОҚЫТУШЫСЫ ӨЗБЕКСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДА ДӘРІС ӨТКІЗУДЕ
2026 жылғы 4–16 мамыр аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Бизнес және құқық» жоғары мектебі Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының PhD докторы Исмаилова Айгүл Қанатбайқызы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінде дәріс өткізуде.

Аталған академиялық сапар екі жоғары оқу орны арасындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық академиялық байланысты дамытуға бағытталған.
Дәрістер барысында агробизнес, менеджмент және экономика салалары бойынша өзекті тақырыптар қамтылып, студенттерге заманауи білім мен практикалық тәжірибе ұсынылуда. Мұндай бастамалар KazNARU-дың халықаралық әріптестік аясын кеңейтуге және профессор-оқытушылар құрамының академиялық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

.jpeg)
.jpeg)
\.jpeg)
.jpeg)