Кафедра білім алушылары XVIII Республикалық пәндік олимпиадада II орын иеленді
Кафедра білім алушылары XVIII Республикалық пәндік олимпиадада II орын иеленді
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңінде «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының білім алушылары кафедра намысын абыроймен қорғап, II орын иеленді.
Жоғары нәтиже — білім алушылардың сапалы дайындығының, жүйелі жұмысының және жетекші Женисова Айна Ерболовнаның кәсіби қолдауының нәтижесі.
Кафедра ЗУ 23-16 Р тобының білім алушылары Айтбек Гулназды, Қуанышбеков Қазбекті және Айдарханов Камильді лайықты жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейді!

.jpeg)
.jpeg)