БИОТЕХНОЛОГИЯ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУ ПРАКТИКАСЫНАН ӨТТІ

БИОТЕХНОЛОГИЯ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУ ПРАКТИКАСЫНАН ӨТТІ

2026 жылғы 4–15 мамыр аралығында «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының практика жетекшісі аға оқытушы Сағымбек Ф.Ғ. жетекшілігімен 6В10502 – «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша БТ 25-07Т тобы оқу практикасынан өтті.

Практика барысында білім алушылар практика бағдарламасымен және техникалық қауіпсіздік талаптарымен танысып, зертханалық жұмыстарды орындаудың негізгі қағидаларын меңгерді.

Оқу практикасы аясында студенттер Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне қарасты Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының құрылымдық бөлімшелерінде тәжірибе алмасты. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы референттік орталығының микробиологиялық зерттеу зертханасында заманауи биотехнологиялық әдістермен және зертханалық құрал-жабдықтардың жұмыс істеу принциптерімен танысты.

Сонымен қатар, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының «Экологиялық және ауылшаруашылық микробиология зертханасында» қоршаған ортаны биоремедиациялау бағытында қолданылатын микроорганизмдер штамдарының биологиялық ерекшеліктері туралы мәлімет алды.

Практика барысында білім алушылар Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың ғылыми қорымен танысып, биотехнология саласына қатысты ғылыми-оқу әдебиеттерімен жұмыс істеді. Сондай-ақ Алматы хайуанаттар бағына барып, жануарлар биоалуантүрлілігімен және сирек кездесетін түрлерді сақтау бағытындағы жұмыстармен танысты.

Оқу практикасы студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби дағдыларын дамытуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник