ВХМ-25-10 тобы студенттерімен профилактикалық іс-шара өткізілді
2026 жылғы 16 наурызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ВХМ-25-10 тобы білім алушылары арасында университеттің психологиялық қолдау қызметімен бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шара топ кураторы Жақыпова Ж.З. қатысуымен ұйымдастырылып, студенттердің психологиялық саулығын нығайтуға, эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыруға және қолайлы психологиялық орта құруға бағытталды.
Кездесу барысында студенттерге оқу процесіне бейімделу, күйзелісті басқару, тиімді қарым-қатынас орнату және психоэмоционалдық денсаулықты сақтау бойынша пайдалы кеңестер берілді. Сонымен қатар, психологиялық қолдау қызметінің мамандары студенттердің сұрақтарына жауап беріп, психологиялық көмектің маңыздылығын түсіндірді.
