«Сорап және сорап станциялары» пәні бойынша ашық сабақ
ҚазҰАЗУ 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған ашық сабақтар кестесіне сәйкес, 2026 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00-де 705 аудиторияда ГТС-24-11 тобына «Сорап және сорап станциялары» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.
https://www.kaznaru.edu.kz/storage/files/1784457832699d99cfc0d77877785115_Ашық сабақтар 2026.pdf
«Сорап станциясындағы ортадантепкіш сораптардың параллельді және тізбектей жағдайда жұмыс жасауы» тақырыбындағы сабақты «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының аға оқытушысы Жакупова Ж.З. жүргізді.
Сабақ барысында сораптардың әртүрлі жалғау сұлбалары кезіндегі бірлескен жұмыс істеу принциптері, арын мен өнімділіктің өзгеру ерекшеліктері, сондай-ақ сорап станциялары құрамында тізбектей және қатар жалғауды тиімді қолдану шарттары қарастырылды.
Білім алушылар сораптардың жұмыс сипаттамаларын талдап, біріктірілген графиктер құрып, практикалық есептеулер орындады. Сабақта критериалды бағалау әдісі қолданылып, білім алушылардың теориялық білім деңгейі мен практикалық дағдылары объективті бағаланды.
Ашық сабақ жоғары оқу-әдістемелік деңгейде өтіп, кәсіби мәселелер бойынша белсенді талқылаумен жалғасты. Сабақ қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар алмасу жүзеге асырылды.




