Қазіргі жастардың құндылықтары мен өмірлік басымдықтары

Қазіргі жастардың құндылықтары мен өмірлік басымдықтары

Тәрбие жұмысы аясында студенттермен «Қазіргі жастардың құндылықтары мен өмірлік басымдықтары» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – білім алушылардың тұлғалық дамуға, азаматтық жауапкершіликке, рухани-адамгершилік құндылықтарға және кәсіби қалыптасуға саналы көзқарасын қалыптастыру болды.

https://www.kaznaru.edu.kz/storage/files/37200052866996f21397d23854906302_image.png

Іс-шара барысинда интерактивті талқылаулар, тренингтік жаттығулар және топтық пикірталастар ұйымдастырылып, студент өз ой-пікірлерін еркін білдіруге мүмкіндік алды. Қатысушылар білімнің табысқа жетудегі рөлі, отбасы мен достатықтың маңызы, патриотизм, рухани бағдарлар, сондай-ақ цифрлық ортаның жастардың дүниетанымына әсері сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Әсіресе шағын топтардағы жұмыс ерекше қызығушылық тудырды. Студент өз буынының басымдықтарын айқындап, оларды алдыңғы буын құндылықтарымен салыстырып, өмірлик таңдауына әсер ететін флоларды саралады. Талқылау нәтижесінде қатысушылар мансаптық мақсаттар, жеке даму және әлеуметтик жауапкершилік арасындағы тепе-теңдіктің маңыздылығын атап өтті.

Өткізілген іс-шара студенттердің сыни ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын дамытуға және рухани-адамгершілік бағдарларын нығайтуға ықпал етті. Мұндай кездесулер жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады және жан-жақты дамыған, әлеуметтік белсенді, жауапты тұлға қалыптастыруға қызмет етеді.

 

«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының аға оқытушысы, кандидат технических наук, 

  УВР-24-01К тобының кураторы Жакупова Ж. З.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник