KazNARU-ДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

KazNARU-ДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

2026 жылғы 18 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің ұйымдастыруымен түлектерге арналған дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Бұл іс-шара білім мен өндірісті, университет пен жұмыс берушілерді байланыстыратын маңызды алаңға айналды.
Жәрмеңкеге 300-ге жуық түлек қатысып, өз саласы бойынша жетекші ұйымдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында түлектер еңбек нарығында терең білімді, заманауи технологияларды меңгерген, жауапкершілігі жоғары мамандарға сұраныстың артып келе жатқанын байқады.
KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың және түлектерді еңбек нарығына бейімдеудің маңызын атап өтті.
«Ветеринария және зооинженерия» факультетінің деканы, PhD, қауымдастырылған профессор Мусоев Асылбек Майлыбайұлы түлектердің кәсіби даярлығы мен жұмыс берушілермен тұрақты байланыс орнатудың маңызына тоқталды.
Жәрмеңкеге еліміздің түрлі салаларынан 20-дан астам ұйым мен компания қатысты. Олардың қатарында ҚР ҰҚК Шекара академиясы, ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы медицина басқармасының ветеринария қызметі, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы», ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» ШЖҚ РМК, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Талғар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» КМҚК, «Алматы облысының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС, «Аллель-Агро» АҚ, «СанаК» инновациялық кәсіпорны ЖШС, «АлмаВет» ЖШС, «Барыс» ветеринарлық клиникасы, «Айболит» ветеринарлық клиникасы, «VET ELITE» жеке кәсіпкерлігі, «Айдарбаев» шаруа қожалығы, «Доктор Zoo» ветеринариялық клиникасы, «Талисман» ветеринарлық клиникасы, «СК Агро» ЖШС, «KazFoodProducts» ЖШС болды.
Іс-шара барысында түлектер жұмыс берушілермен тікелей танысып, бос жұмыс орындары, болашақ мамандығы бойынша жұмысқа орналасу, кәсіби бағыт-бағдар алу және тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Ал жұмыс берушілер үшін бұл жәрмеңке білікті әрі дарынды жас мамандарды іріктеуге үлкен мүмкіндік берді.
KazNARU Баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник