Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «SMART AGROSCIENCE: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «SMART AGROSCIENCE: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған конференцияға Инженерлік технологиялар факультетінің жас ғалымдары мен білім алушылары белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ғылыми жобаларын ұсынып, зерттеу жұмыстарының өзектілігі мен практикалық маңызын таныстырды. Жалпы конференцияға 12 білім алушы, 1 шетелдік қонақ және профессор-оқытушылар құрамы қатысып, 10 ғылыми жоба қорғалды.
Конференция қорытындысы бойынша Инженерлік технологиялар факультетінің жас ғалымдары мен білім алушылары жүлделі орындарға ие болды:
🥇 1 орын – Нұрдан Динаш
🥈 2 орын – Ахлан Тоғжан
🥈 2 орын – Мырзагалиева Ақжібек Рамазанқызы
🥉 3 орын – Тлебаева Айнұр Есжанқызы
🥉 3 орын – Сыздық Меруерт Рахатқызы
🥉 3 орын – Батырбек Ақжарқын, Тұрсынбай Томирис
Конференция жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және инновациялық идеяларды дамытуға үлкен мүмкіндік берді.

