Конференция: “АӨК-дегі инженерлік және тағам технологиялары” секциялық отырысы

Конференция: “АӨК-дегі инженерлік және тағам технологиялары” секциялық отырысы

«АӨК-дегі инженерлік және тағам технологиялары» секциялық отырысы аясында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заманауи инженерлік шешімдер, цифрлық технологиялар, автоматтандыру жүйелері, тағам өндірісіндегі инновациялар мен ғылыми-зерттеу нәтижелері талқыланды.

Секциялық отырыс барысында қатысушылар ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету, интеллектуалды басқару жүйелері, азық-түлік қауіпсіздігі, өнім сапасын бақылау, қайта өңдеу технологиялары, экологиялық тұрақтылық және өндірістік процестерді цифрландыру бағыттары бойынша баяндамалар жасады.

Сонымен қатар, жас ғалымдар мен білім алушылар өз ғылыми жобаларын ұсынып, тәжірибе алмасу мен ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды. Секциялық отырыс ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ АӨК саласындағы инновациялық технологияларды енгізуге бағытталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник