KazNARU-ДА АГРОБИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

KazNARU-ДА АГРОБИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

2026 жылғы 20 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Агробиология» факультетінің ұйымдастыруымен түлектерге арналған дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Іс-шара студенттер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға, жас мамандарды еңбек нарығына бейімдеуге және олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды.

Жәрмеңке студенттер мен түлектерге болашақ мамандығы бойынша жұмыс табуға, кәсіби бағыт-бағдар алуға, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды. Сонымен қатар жұмыс берушілер үшін білікті әрі талантты жас мамандарды іріктеуге жағдай жасалды.

KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың және түлектерді еңбек нарығына сапалы даярлаудың маңызын атап өтті.

«Агробиология» факультетінің деканы, PhD, қауымдастырылған профессор Абилдаев Ержан Советбекович жәрмеңкенің ашылуында факультет түлектерінің кәсіби даярлығы, агроөнеркәсіп кешеніндегі өсімдік шаруашылығы бағыттарының стратегиялық маңызы және заманауи технологияларды меңгерген мамандарға сұраныстың артып келе жатқанын атап өтті.

2025–2026 оқу жылында факультет бойынша жалпы 113 түлек білімін аяқтайды. Оның ішінде бакалавриат бойынша 105 түлек: агрономия, топырақтану және агрохимия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин, өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар, биоинформатика және экология білім беру бағдарламаларының түлектері бар. Сонымен қатар магистратура бойынша 8 түлек диплом алады.

Жәрмеңкеге еліміздің ғылыми-зерттеу, агроөнеркәсіп, экология, өсімдік шаруашылығы, жер ресурстары және фитосанитария бағытындағы жетекші мекемелері мен компаниялары қатысты. Олардың қатарында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Ө.Ө. Оспанов атындағы топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты, «Казгипрозем» РМК Алматы филиалы, «Айдарбаев» шаруа қожалығы, ҚР АШМ АӨК Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ АӨК саласындағы КҒИ «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар жөніндегі республикалық әдістемелік орталығы» Алматы қаласы бойынша филиалы, «Алем Агро Холдинг» ЖШС, «LST AGRO» ЖШС, «EURASIAN GREEN PRODUCT» ЖШС, Green Eco ЖШС, Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы қаласы бойынша Экология департаменті, «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС, Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «SHENGTAI BIOTECH CO» ЖШС және басқа да ұйымдар болды.

Іс-шара барысында студенттер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары, өндірістік тәжірибе, тағылымдама бағдарламалары, кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Өз кезегінде ұйым өкілдері болашақ жас мамандардың дайындық деңгейімен танысып, әлеуетті қызметкерлерді іріктеу мүмкіндігіне ие болды.

Жәрмеңке аясында ашық диалог орнап, студенттер кәсіби орта өкілдерімен байланыс орнатты. Факультет ұжымының үйлесімді жұмысы мен серіктес ұйымдардың белсенді қатысуы іс-шараның нәтижелі өтуіне ықпал етті.

KazNARU білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына және табысты мансап құруына қолдау көрсетуді жалғастырады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник