KazNARU-ДА «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ» ӨТТІ
2026 жылғы 20 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2025–2026 оқу жылындағы «Жыл үздіктерінің қорытынды кеші» өтті. Салтанатты іс-шара университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, жыл бойы түрлі бағыттағы бастамалар мен жобаларда ерекше көзге түскен студенттерді марапаттауға арналды.
.jpeg)
KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы белсенді студенттерге жылы лебізін білдіріп, Басқарма Төрағасы – Ректор атынан алғыс хаттарды табыстады. Қалалық және республикалық деңгейдегі іс-шараларда оқу орнының абыройын асқақтатып, университет өміріне елеулі үлес қосқан жастардың еңбегі жоғары бағаланды.

.jpeg)
Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ералиева Асима Шанбаевна түрлі іс-шаралар мен жобаларда белсенділік танытқан студенттерді марапаттап, олардың бастамашылдығы, жауапкершілігі және университеттің дамуына қосқан үлесі ерекше екенін атап өтті.

Жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Сманов Әшірәлі Жүсіпұлы оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, клубтар мен шығармашылық үйірмелердің жыл бойғы қызметіне тоқталды.
.jpeg)
Бүгінде KazNARU-да 18-ден аса студенттік клуб, үйірме, бірлестік және студенттік деканат жұмыс істейді. Бұл ұйымдар студенттердің көшбасшылық қабілетін дамытуға, жауапкершілікке баулуға, шығармашылық әлеуетін ашуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Оқу жылы ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы, «Заң және тәртіп», Абайдың «Толық адам» концепциясы, «Адал азамат» қағидаты, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қайырымдылық акциялары, волонтерлік жұмыстар және студенттік бастамаларды қолдау бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Қорытынды кеш шығармашылық бағдарламамен жалғасты. Сахнада Albeni’s ұйымының белсенділері, «Серпер» өнерлі жастар ұйымы, «ONE» би тобы және университеттің талантты студенттері өнер көрсетті.
Кеш аясында «Ашық микрофон» алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар оқу жылынан алған әсерлерімен бөлісті. Студенттер университет өміріндегі жарқын сәттерді еске алып, өз ой-пікірлері мен алғыстарын білдірді.
KazNARU алдағы уақытта да жастардың жаңа идеялары мен игі бастамаларын қолдауды жалғастырады.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

