KazNARU ШЕТЕЛДІК ТЫҢДАУШЫЛАРЫ БҰТАҚТЫ ШАТҚАЛЫНА ТАБИҒАТ АЯСЫНДА САЯХАТ ЖАСАДЫ
2026 жылғы 22 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Халықаралық кеңсесінің ұйымдастыруымен шетелдік тыңдаушылар үшін Алматы маңындағы Бұтақты шатқалына танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Ауғанстан, Иран, Түркия, Бангладеш, Корея, Қытай және Түрікменстаннан келген дайындық тіл курсының тыңдаушылары оқу бағдарламасына сәйкес қазақ жерінің көркем табиғатын тамашалап, таза ауада серуендеп, көтеріңкі көңіл күйде демалыс өткізді.
Саяхат барысында Халықаралық кеңсе қызметкерлері Қауметова Бақтыгүл, Саламатзада Лайла, Сатпаева Лимара, қазақ тілі пәнінің оқытушылары Досмайлова Гауһар Қуанышқызы, Байденова Арай Сабыржанқызы, сондай-ақ орыс тілі пәнінің оқытушылары Раимбекова Алия Ануархановна мен Нұрсейітова Гүлнар Бекмұлақызы тыңдаушылармен бірге табиғат аясында естелікке толы сәттер өткізді.
Танымдық әрі достық атмосферада өткен бұл саяхат шетелдік тыңдаушылардың Қазақстан мәдениеті мен табиғатына деген қызығушылығын арттырып, олардың университеттегі бейімделуіне және өзара қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етті.

.jpeg)
