ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақта “Алматы облысының жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен “Жастарға ақпарат” атты ауқымды іс-шарасына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру және талапкерлерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Аталған іс-шараға университет атынан Қабылдау комиссиясының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы және кафедраның аға оқытушысы Нуракынов Әлден Нұрсейтұлы қатысты.
Кездесуге Қонаев қаласының 14 мектебінен оқушылар қатысты. Атап айтқанда, 9-сыныптан – 1164 оқушы, 10-сыныптан – 867 оқушы, 11-сыныптан – 650 түлек қамтылып, жалпы саны 2000-нан астам оқушы қатысты.
Шара барысында талапкерлерге жоғары оқу орындарына түсу ережелері, білім беру бағдарламалары, заманауи әрі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы кең көлемде мәлімет берілді. Сонымен қатар жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар алды.
“Жастарға ақпарат” кездесуі жас түлектердің саналы мамандық таңдауына ықпал етіп, олардың болашаққа деген сенімін арттырған маңызды алаңдардың біріне айналды.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
