KazNARU МЕН NWAFU АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІККЕ 10 ЖЫЛ
2026 жылғы 1 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Қытай Халық Республикасындағы Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (Northwest A&F University, NWAFU) делегациясы арнайы сапармен келді.
.jpeg)
Делегацияны KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы қабылдап, университеттің ғылыми-білім беру әлеуеті, халықаралық әріптестік бағытындағы жұмыстары және Қытай жоғары оқу орындарымен жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы атап өтті.
.jpeg)
Биыл Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Northwest A&F University арасындағы аграрлық ғылым мен білім беру саласындағы серіктестіктің 10 жылдығы аталып өтуде. Осы жылдар ішінде екі университет арасында академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми зерттеулер, оқытушылар мен студенттер алмасуы және халықаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру бағыттарында нәтижелі байланыс қалыптасты.
Делегация құрамында NWAFU вице-президенті Чжан Хунмин, тәртіпті тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Чжан Яньлин, халықаралық ынтымақтастық және алмасу басқармасының өкілі Ши Хуйчжоу, сондай-ақ университеттің профессорлары, оқытушылары мен магистранттары болды. Кездесуге NWAFU университетінің түлектері мен KazNARU ғалымдары да қатысты.

.jpeg)
KazNARU және NWAFU бірлескен зертханалар мен Саймасайдағы ғылыми-технологиялық демонстрациялық парктің жұмысын дамыту, тәжірибе алмасу, аграрлық ғылым, су ресурстарын басқару, цифрлық ауыл шаруашылығы және инновациялық технологиялар бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Қонақтар жазғы мектептің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл бастама екі университет арасындағы академиялық байланысты нығайтып, білім алушылар мен жас ғалымдардың халықаралық тәжірибе алуына мүмкіндік береді.
Университет тарапынан кездесуге Қазақстан-Қытай орталығының директоры Думан Иманмади, Ғылым департаментінің директоры Ахметжан Акиевич Султанов, Халықаралық кеңсе жетекшісі Абзал Асқарбекұлы Абдраманов, факультет декандары және университет ғалымдары қатысты.

Екі жақ алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамыту және халықаралық деңгейдегі инновациялық бастамаларды ілгерілету бағытындағы әріптестікті жалғастыруға ниет білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі


.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)