KazNARU СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА II ОРЫН ИЕЛЕНДІ

KazNARU СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА II ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Сүйінші жаңалық! Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенті әлем чемпионатында жүлделі II орын иеленді.

2026 жылдың 30 мамырында Астана қаласында «2nd World Tournament Kyokushin Ryu» әлем чемпионаты өтті. Аталған халықаралық жарыста Ветеринария және зооинженерия факультетінің 1-курс студенті Имангазиева Алуа жоғары нәтиже көрсетіп, 18–34 жас аралығындағы спортшылар арасында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде II орынға ие болды.

Әлемдік деңгейдегі додада жүлделі орын иеленген студентіміздің бұл жетістігі – табандылықтың, жүйелі дайындықтың және жеңіске деген жігердің айқын көрінісі.

KazNARU ұжымы Алуаны жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.
Жарайсың, Алуа! KazNARU тек алға!
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник