Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні
4 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараның ашылу рәсіміне «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының студенттері белсенді қатысты.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін, елге деген сүйіспеншілігін және патриоттық рухын көрсетті.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Баршаңызды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!

.jpeg)
