KazNARU ЖАСТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ РӘСІМГЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

KazNARU ЖАСТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ РӘСІМГЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

2026 жылдың 4 маусымында Алматы қаласындағы Медеу биік таулы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев, мәдениет және спорт саласының қайраткерлері, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ KazNARU-дың атынан 300-ден астам студент жастары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, жастардың бойында патриоттық рухты нығайту, елдік құндылықтарды дәріптеу және азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен отансүйгіштік сезімді нығайтуды мақсат еткен шараға жалпы саны 1,5 мыңнан астам адам жиналды. Рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, жиналған жұртшылық Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындап, ел бірлігі мен тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтады.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін мерекелік бағдарлама шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың концерттік қойылымдарына ұласты. Әсем ән мен ұлттық өнерге толы концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік шараның сәнін келтірді.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бұл игі шара қазақстандықтардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды патриоттық бастамалардың бірі болды.
KazNARU Баспасөз қызметі
 
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник