KazNARU МАГИСТРАНТЫ – «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ҮЗДІК МАГИСТРАНТЫ – 2026» АТАҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ
«ТМД елдерінің үздік магистранты – 2026» халықаралық байқауының қорытындысы бойынша KazNARU жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветеринария және зооинженерия факультеті «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Горстка Евгения Владимировна І дәрежелі дипломмен және «ТМД елдерінің үздік магистранты» құрметті атағымен марапатталды.
Бұл жоғары марапат оқу және ғылыми-зерттеу қызметіндегі үздік жетістіктері, кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейі, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің зияткерлік әлеуетін дамытуға және ғылыми ынтымақтастығын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
Магистрлік зерттеу жұмысының ғылыми жетекшісі – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Джуланов Мардан Нұрмұхамбетұлы. Сонымен қатар, ғылыми жетекші «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
Евгения Владимировнаны және оның ғылыми жетекшісі Джуланов Мардан Нұрмұхамбетұлын жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми қызметтеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби жеңістер тілейміз!