КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ МЕН ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ұйымдастыруымен кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне арналған онлайн кездесу өтті.
Кездесуді Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялық технологиялар департаментінің директоры Иманалиев Марат Уәлиханович жүргізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Университет атынан онлайн кездесуге «Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінің деканы Арыстанов М. Б., аға оқытушы Калиева К. Е. және Практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Есимова Б. Д. қатысты.
Кездесу барысында білім алушылардың кәсіптік тәжірибесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері, өндірістік тәжірибе базаларымен өзара ынтымақтастықты дамыту, түлектерді жұмысқа орналастыру тетіктерін жетілдіру және жұмыс берушілермен байланысты нығайту бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар министрлік тарапынан ұсынылған бастамалармен танысып, алдағы оқу жылында кәсіптік тәжірибені тиімді ұйымдастыру және түлектердің еңбек нарығына бейімделуін қамтамасыз ету бойынша атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын қарастырды.
Аталған кездесу жоғары оқу орындары мен салалық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге, болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруге және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.