KazNARU ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

KazNARU ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

✅ 2026 жылдың 20 маусымында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Университет үшін қабылдау науқаны — аса маңызды кезең.
 
✅ Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы қабылдау комиссиясының жұмысын ашып, қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларына жауапты жұмыста сәттілік тіледі.
 
✅ Біздің міндетіміз – әр талапкер мен ата-аналарына қолайлы жағдай жасап, сапалы кеңес беру мен қызмет көрсету.
 
✅ Бүгінгі таңда KazNARU агроөнеркәсіптік кешен, биотехнология, ветеринария, IT-технологиялар, орман және балық шаруашылығы, экология, табиғи ресурстарды пайдалану, энергетика, логистика, бизнес және басқару салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлайтын жетекші зерттеу университеті болып табылады.
 
KazNARU-дың жаңа инновациялық білім беру бағдарламалары:
✅ 6В08108 – Агробиоинженерия, оқу мерзімі – 3 жыл;
✅ 6В04108 – Инновациялық маркетинг, оқу мерзімі – 3 жыл;
✅ 6В08204 – Мал шаруашылығындағы ақылды технологиялар, оқу мерзімі – 3 жыл;
✅ 6В07105 – Технологиялық инжиниринг, оқу мерзімі – 3 жыл;
✅ 6B11303 – Цифрлық логистика және интеллектуалды көлік жүйелері, оқу мерзімі – 3 жыл;
✅ 6B08305 – Инновациялық орманшылық, оқу мерзімі – 3 жыл.
 
✅ «Бизнес және құқық» жоғары мектебі барлық білім беру бағдарламалары бойынша 2026-2027 оқу жылына бакалавриатқа алғаш рет 3 жылдық оқу мерзімі бойынша қабылдайды.
 
✅ Университетте әскери кафедра бар. Запастағы офицерлер мен сержанттар даярланады.
 
✅ KazNARU жатақханамен толық қамтамасыз етеді.
 
✅ ҚР Қорғаныс министрлігінің ұсынысы негізінде әскери борышын өтеген 166 сарбаз мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқу үшін KazNARU-ды таңдап отыр.
 
✅ Талапкерлерден мемлекеттік білім беру грантына конкурсқа өтінімдер 2026 жылдың 13–20 шілде аралығында қабылданады.
 
✅ Қабылдау комиссиясы 20.06.2026 – 25.08.2026 аралығында оқуға құжат қабылдайды.
 
✅ Құрметті талапкерлер! Білім беру бағдарламасын таңдау – болашақ мамандықты, кәсіби жолды және жаңа мүмкіндіктерді таңдау.
 
✅ KazNARU Қабылдау комиссиясының есігі сіздер үшін әрқашан ашық!
 
KazNARU Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
✅ Жұмыс уақыты: 09:00–18:30
✅ Үзіліс: 13:00–14:30
✅ Жұмыс күндері: Дүйсенбі – Сенбі
 
Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:
 
Мекенжайымыз:
✅ Алматы қ., 050010, Абай даңғылы, 8
---------Chatbot---------
виртуальный помощник