KazNARU: МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

KazNARU: МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты конкурсына құжат қабылдау науқаны ресми түрде басталды. Қабылдау университеттің Бас оқу ғимаратында және еліміздің бірқатар өңірлерінде ұйымдастырылған көшпелі қабылдау комиссиялары арқылы жүргізілуде.
 
Көшпелі қабылдау комиссиялары келесі өңірлерде жұмыс істеуде:
  • І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті;
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті;
  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті;
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;
  • Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайы»;
  • Жаңаөзен қаласы.
 
KazNARU агроөнеркәсіптік кешен, биотехнология, ветеринария, экология, су және табиғат ресурстарын пайдалану, орман және балық шаруашылығы, IT-технологиялар, энергетика, тағам өнеркәсібі, логистика, құқық, бизнес және басқару бағыттары бойынша бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлайды.
 
Құрметті талапкерлер!
Халықаралық деңгейдегі беделі артып келе жатқан зерттеу университетінде білім алып, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламалар бойынша екі диплом иегері атану мүмкіндігін пайдаланыңыз!
Қосымша ақпаратты KazNARU Қабылдау комиссиясының Call center телефондары арқылы ала аласыздар:
📞 +7 (747) 264-08-54
📞 +7 (727) 264-06-13
📞 +7 (776) 043-40-27
📞 +7 (778) 185-86-23
📞 +7 (708) 986-23-90
📞 +7 (700) 277-95-10
📞 +7 (707) 964-12-76
 
Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысуға өтініштер 2026 жылдың 13-20 шілде аралығында қабылданады. Құжат тапсыруды соңғы күнге қалдырмай, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
KazNARU талапкерлерге сәттілік тілейді және болашақ мамандарды еліміздің жетекші аграрлық зерттеу университетінде білім алуға шақырады.
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник