KazNARU-да «ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

KazNARU-да «ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста университеттің сенімгерлік басқаруындағы ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік шаруашылықтың қызмет қорытындылары, сондай-ақ аграрлық ғылымды одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаев ғылыми ұйымдардың қызмет нәтижелерін таныстырып, ғылым мен білімді ықпалдастыру, дуальды оқытуды дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

«ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Максим Сутула ғылыми-зерттеу институттарының өндірістік көрсеткіштеріне талдау жасап, ғылыми ұйымдардың қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жұмыс тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу институттарын одан әрі дамыту, ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ аграрлық ғылымның тиімділігін арттыруға және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған негізгі міндеттер айқындалды.

Nasec.press

---------Chatbot---------
виртуальный помощник