ЖАТАҚХАНА – ӨЗ ҮЙІМ!
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары әлі де жалғасын табуда.
Әр студенттің өзін жайлы сезінуі, тұрмыстық жағдайының қолайлы болуы – университет үшін маңызды басымдықтардың бірі болып табылады.
Қауіпсіздік – басты назарда. Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақхана аумағы мен ғимарат ішінде заманауи бейнебақылау жүйелері орнатылған. Аталған жүйелер нысандағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, тәулік бойы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Барша білім алушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, жоғары жетістіктер, мықты достық және студенттік өмірдің жарқын да ұмытылмас сәттерін тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі