1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті барша студенттерді, профессор-оқытушылар құрамын және білім саласының қызметкерлерін 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтайды!
Білім күні – жаңа оқу жылының басталуын білдіретін, ізденіс пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше мереке. Бұл күн әсіресе университет табалдырығын алғаш аттаған 1-курс студенттері үшін жаңа өмір кезеңінің бастауы.
Жаңа оқу жылы әрбір студентке сапалы білім, ғылым мен шығармашылықта жаңа жетістіктер, жарқын идеялар мен үлкен мүмкіндіктер әкелсін!
Баршаңызға табысты оқу жылы, толағай жетістіктер және биік белестер тілейміз!