KazNARU-да БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫСТЫРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ
✅2026 жылғы 3 қыркүйекте Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің барлық факультеттерінде 2026–2027 оқу жылында қабылданған бірінші курс студенттеріне арналған ақпараттық-таныстыру кездесулері өтуде.
✅Кездесулер барысында студенттерге оқу процесін ұйымдастыру, цифрлық жүйелерді пайдалану, білім алушыларға көрсетілетін қызметтер, жастар саясаты, өндірістік практикадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілуде.
✅Жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары қатысып, өз қызмет бағыттарын таныстыруда. Сондай-ақ студенттердің сауалдарына жауап беріп, университет өміріне белсенді араласуға қажетті бағыт-бағдар ұсынуда.
KazNARU Баспасөз қызметі