KazNARU-ДА FULBRIGHT ETA БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

KazNARU-ДА FULBRIGHT ETA БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

2026 жылғы 10 қыркүйекте Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) басшылығы АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының өкілдерімен кездесті.
Кездесуге АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының қызметкері Жанна Тоқтатова және Fulbright English Teaching Assistant (ETA) бағдарламасының қатысушысы Малика Чоудхури қатысты.
Тараптар 2026–2027 оқу жылында KazNARU-да Fulbright ETA бағдарламасын жүзеге асыру және осы бағыттағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Жаңа оқу жылында Малика Чоудхури университет білім алушыларына ағылшын тілінен сабақ береді. Сонымен қатар сөйлеу клубтарын өткізіп, мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырады. Бұл білім алушылардың тілдік және қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге, ағылшын тілін тәжірибе жүзінде еркін қолдануына мүмкіндік береді.
Сапар барысында Малика Чоудхури университеттің инфрақұрылымымен танысып, бағдарлама жүзеге асырылатын орталықты аралады. Сондай-ақ білім алушылармен жүздесіп, алдағы жұмыс бағыттарымен таныстырды.
Fulbright ETA бағдарламасының жүзеге асырылуы KazNARU-дың халықаралық академиялық байланыстарын кеңейтіп, білім алушылардың тілдік даярлығын жетілдіруге және мәдениетаралық байланысты нығайтуға ықпал етеді.
 
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник