ҚАРАКЕМЕРДЕ «БАҚ КҮНІ – 2026» ӨТТІ
11 қыркүйекте Алматы облысының Қаракемер ауылында «Жасыл вектор: ғылым, кәсіптік білім және аграрлық өндіріс интеграциясы» тақырыбында «Бақ күні – 2026» салалық іс-шарасы өтті. Биылғы басқосу ғылым, кәсіптік білім мен аграрлық өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға арналды.
Іс-шараға KazNARU ғалымдары қатысып, аграрлық саладағы ғылыми әзірлемелері мен зерттеу нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ отандық селекция жетістіктері, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарының сорттары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен заманауи технологиялар ұсынылды.
Басқосу ғалымдар, сала мамандары мен шаруалардың тәжірибе алмасуына, сондай-ақ ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізудің өзекті бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.