KazNARU БІЛІМГЕРЛЕРІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
Жаңа оқу жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білімгерлері үшін жарқын жетістіктермен басталды.
2026 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласы күніне орай «Ұлы Дала Ойындары» ұлттық спорт түрлері фестивалі аясында 2007–2009 жылдары туған жастар арасында қазақ күресінен турнир өтті. Байрақты бәсекеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің балуандары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Нұрғожа Нұрбол – 60 кг салмақ дәрежесінде I орын.
Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті, ЛР 26-04К тобы.
Қожабай Нариман – 82 кг салмақ дәрежесінде I орын.
Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті, ЛР 26-03К тобы.
Маншарипов Ринат – 66 кг салмақ дәрежесінде II орын.
Инженерлік технологиялар факультеті, АТТ-24-02К тобы.
Боз кілемде университет намысын абыроймен қорғаған білімгерлерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз.