KazNARU СТУДЕНТТЕРІНЕ ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

KazNARU СТУДЕНТТЕРІНЕ ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін KazNARU-да «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті.

Кездесуде Медеу ауданы Полиция басқармасының өкілдері студенттерге заң талаптары мен құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша ақпарат берді. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз қоғам құрудағы әр азаматтың жауапкершілігін арттыру.

Іс-шарада Медеу ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Ирина Быкова сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы тәртіп және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруіне қатысты талаптар және есірткі заттарын заңсыз таратуға байланысты жауапкершілік түсіндірілді.

Жастар ісі жөніндегі басқарманың әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Мақсат Иманбеков жастардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын сақтауы және құқықтық сауаттылығын арттыруы маңызды екенін атап өтті.

«Студенттер заң талаптарын біліп қана қоймай, күнделікті өмірде өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс қолдана алуы тиіс. Бүгінгі кездесу осы бағыттағы түсінікті арттыруға септігін тигізеді», – деді маман.

Ал студенттік омбудсмен Назерке Күзен өз құқықтарын заң аясында қорғау, өзгенің құқықтарын құрметтеу және құқық бұзушылықтарға жол бермеудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Іс-шара жастар арасында заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және университетте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник