KazNARU UI GREENMETRIC ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІСІНДЕ ҮЗДІК АТАНДЫ
UI GreenMetric әлемдік рейтингісінің 2026 жылғы қорытындысы бойынша KazNARU 740-орыннан 422-орынға көтеріліп, Топ-500-ге енді. Ал рейтингке қатысқан Қазақстанның 41 жоғары оқу орны арасында 5-орынға көтерілді.
Жоғары оқу орындарының қоршаған ортаны қорғауға және тұрақты даму мақсаттарына қосып жатқан үлесін бағалауды көздейтін бұл рейтинг кампустағы жасыл желектер, ағаштар мен ашық кеңістіктер көлемі; энергия үнемдейтін технологияларды қолдану; қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және пластик қолданысын шектеу; суды үнемдеу технологиялары, жаңбыр мен ағынды суды қайта пайдалану; экологиялық көлік жүйесін қалыптастыру; экологиялық пәндер, ғылыми зерттеулер, мақалалар мен студенттік «жасыл» бастамалар көрсеткіштері бойынша сараланады.
Әлемдегі ең үздік 500 университеттің қатарынан орын алу – университеттің экологиялық жауапкершілігін әлемдік деңгейде дәлелдеп, энергия мен суды тиімді пайдалану және бюджетті оңтайландыру бағытындағы саясатының тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар бұл жетістік KazNARU-дың халықаралық беделін нығайтып, шетелдік талапкерлерді, зерттеушілерді және ғылыми инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді.
KazNARU ұжымы мен білім алушыларын жоғары көрсеткішпен құттықтаймыз! Жаңа биіктерді бірге бағындырайық!