«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ОЗЫҚ ҰЛТ»: KAZNARU-ДА КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ОЗЫҚ ҰЛТ»: KAZNARU-ДА КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін университетте Ғылыми кітапхана мен Тілдер кафедрасы ұйымдастырған кітап оқу марафонының ашылуы өтті. Мақсаты — студенттерді, оқытушылар мен университет қызметкерлерін қазақ және әлем әдебиетін көбірек оқуға ынталандыру.

Ашылу салтанатында академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлмира Алпысбаева қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Арнайы қонақ, ақын әрі аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлы кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісті. Университет докторанты Назерке Накибаева жастарға кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру жөнінде өз кеңестерімен бөлісті.

Ғылыми кітапхана директорының орынбасары Айгүл Ақшалова марафонға қатысу тәртібін түсіндірсе, үшінші курс студенті Нұржұман Райхан кітап пен оқу туралы өз ой-толғауын ортаға салды.

Кездесу әдеби викторинамен жалғасты. Студенттер шығарма кейіпкерлерін, авторлар мен кітап атауларын тауып, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.

Бірінші курс студенттері Нұртілек Байдаулетұлы мен Абылай Мансұржановтың музыкалық өнер көрсетуі кешке ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник