KazNARU-да «КҮЗГІ КРОСС» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

KazNARU-да «КҮЗГІ КРОСС» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 3 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің стадионында Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған дәстүрлі «Күзгі кросс» жарысы өтті.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Биылғы жарыста 85 қатысушы стартқа шығып, әртүрлі жас санаттары бойынша бақ сынады.

Жарысқа қатысушыларды қолдап, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов және ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Тастанбек Атақұлұлы Атақұлов қатысты.

Жарыс қорытындысы

  • Әйелдер арасында

    30 жасқа дейін, 500 м:
    1-орын – Алпысбай Ә. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    2-орын – Айбек С. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    3-орын – Ерімова А. – Ветеринария және зооинженерия факультеті

    31–40 жас, 400 м:
    1-орын – Абдижаппарова А. – Шет тілдер кафедрасы
    2-орын – Боранбаева К. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    3-орын – Сүндет З. – Бизнес және құқық жоғары мектебі

    41–45 жас, 300 м:
    1-орын – Есенбаева Д. – Агробиология факультеті
    2-орын – Сейткали Н. – Агробиология факультеті
    3-орын – Сабырбекова Ш. – Ветеринария және зооинженерия факультеті

    46–50 жас, 300 м:
    1-орын – Несипбаева А. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    2-орын – Омарбекова Г. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    3-орын – Құланбай Қ. – Агробиология факультеті

    51–60 жас, 300 м:
    1-орын – Алдибаева Л. – Инженерлік технологиялар факультеті
    2-орын – Мырзабек К. – Әскери кафедра
    3-орын – Малдыбаева Л. – Ветеринария және зооинженерия факультеті

    61 жастан жоғары, 300 м:
    1-орын – Ергумарова М. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    2-орын – Есенбаева Д. – Агробиология факультеті
    3-орын – Мырзабаева Г. – Агробиология факультеті

    Ерлер арасында

    30 жасқа дейін, 2000 м:
    1-орын – Ахмет С. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    2-орын – Марат Г. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    3-орын – Исаев А. – Ветеринария және зооинженерия факультеті

    31–40 жас, 1000 м:
    1-орын – Жанабаев С. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    2-орын – Жалелов Д. – Инженерлік технологиялар факультеті
    3-орын – Мұхаметқалиев А. – Ветеринария және зооинженерия факультеті

    41–45 жас, 800 м:
    1-орын – Шыныбеков М. – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті
    2-орын – Хизат С. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    3-орын – Конеев С. – Ветеринария және зооинженерия факультеті

    46–55 жас, 400 м:
    1-орын – Талипов А. – Әскери кафедра
    2-орын – Ағыбаев Б. – Әскери кафедра
    3-орын – Жолбарысов А. – Әскери кафедра

    56–60 жас, 300 м:
    1-орын – Жайнаков С. – Қауіпсіздік қызметі
    2-орын – Отарбаев Б. – Ветеринария және зооинженерия факультеті
    3-орын – Латыпаев Р. – Әскери кафедра

    61 жастан жоғары, 300 м:
    1-орын – Қанбарбеков А. – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті
    2-орын – Атаев М. – Әскери кафедра
    3-орын – Сиябеков С. – Ветеринария және зооинженерия факультеті

Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады. Спорттық дода ұжым арасындағы бірлікті нығайтып, белсенді және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

«Күзгі кросс» жарысының демеушісі – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Кәсіподақ ұйымы. Іс-шараны Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы ұйымдастырып өткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға зор денсаулық, толағай табыс және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник