Абайдың “Толық адам” концепциясы және қазіргі жастар тәрбиесі

Абайдың “Толық адам” концепциясы және қазіргі жастар тәрбиесі

2026 жылғы 6 қазанда «Абайдың "Толық адам" концепциясы және қазіргі жастар тәрбиесі» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараны ұйымдастыруға «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Е.Б. Оспанов және кафедраның аға оқытушылары М.М. Сембаева, Д.П. Пернебекова, М.Б. Сейдалиева жауапты болды. Тәр бие жұмысы Экология 25-06 тобының студенттерімен өткізілді.

Тәрбие сағаты барысында студенттерге ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріліп, негізгі назар «Толық адам» концепциясына аударылды. Ұйымдастырушылар адамгершілік, білім, еңбек, ар-ұят, әділет пен мейірімділік құндылықтарын кеңінен насихаттап, Абайдың философиялық көзқарастарын таныстырды. Студенттер ақынның қара сөздерінен үзінділер оқып, шағын көрініс қою арқылы тақырыптың тәрбиелік мәніне терең талдау жасады.

«Толық адам» идеясының негізгі өзегі ретінде ақыл, қайрат және жүректің үйлесімі қарастырылып, студенттер қазіргі қоғамдағы толыққанды тұлғаның бойында қандай қасиеттер болуы керектігі туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Тәрбие жұмысы өз мақсатына жетті. Жастар Абай тұжырымдарының, соның ішінде білімге ұмтылу, еңбекқорлық, адалдық пен жауапкершілік сияқты құндылықтардың қазіргі заман үшін де өзектілігін түсінді. Іс-шара соңында қатысушылар ұлы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқап, кездесуді көтеріңкі көңіл-күймен қорытындылады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник