KazNARU-да «РЕСПУБЛИКА ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ: ЖАУАПТЫ АЗАМАТ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ» ЗИЯТКЕРЛІК-АҒАРТУШЫЛЫҚ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

KazNARU-да «РЕСПУБЛИКА ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ: ЖАУАПТЫ АЗАМАТ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ» ЗИЯТКЕРЛІК-АҒАРТУШЫЛЫҚ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Республика күніне орай «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты зияткерлік-ағартушылық онкүндік бастау алды. Онкүндік білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған.

Бағдарламада Конституция құндылықтары, академиялық адалдық пен экологиялық жауапкершілікке арналған дөңгелек үстелдер, жастардың еркін пікір алмасу алаңдары, интерактивті және викториналық ойындар, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптейтін танымдық және тәрбиелік іс-шаралар, шетелдік студенттерге арналған жоба, патриоттық және экологиялық акциялар, мемлекеттік рәміздерді ұлықтау шаралары, бірінші курс студенттері арасындағы спартакиаданың жабылу салтанаты және жалпыуниверситеттік мерекелік іс-шара қамтылған.

Республика күніне арналған онкүндікке белсене атсалысайық! Елге деген сүйіспеншілігімізді білімге ұмтылысымызбен, адал еңбегімізбен және игі істерімізбен танытайық!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник