«Шошқалардың вирустық гастроэнтериті» тақырыбындағы ашық зертханалық сабақ
2026 жылғы 29 қыркүйекте Биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Г.Д. Ильгекбаева 5-курс ВМ-22-02К тобының студенттеріне «Шошқалардың вирустық гастроэнтериті» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты студенттердің теориялық білімдерін нақты эпизоотиялық жағдайларды шешуде қолдану, инфекциялық ауруларды балау және індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастыру болды.
Ашық сабаққа Биологиялық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі Ж. Батанова, қауымдастырылған профессор Г. Тұрғанбаева, аға оқытушы А. Алиев және ассистент Ж. Усенова қатысып, сабақтың өткізілу барысымен және студенттердің практикалық жұмыстарымен танысты.