Қонақ дәріс

Қонақ дәріс

2026 жылғы 03 қараша Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ветеринария және зооинженерия» факультеті, «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының ұйымдастыруымен «АЛЕЛЬ АГРО: бүгін және болашақ» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Дәрісті университетіміздің түлегі, АҚ «АЛЕЛЬ АГРО» Алматы ет өңдеу зауытының директоры Ерғалиева Қырмызы өткізді.

Кездесу барысында спикер компанияның қазіргі қызметі, өндірістің даму бағыттары мен болашақтағы мүмкіндіктері туралы баяндады. Сондай-ақ ол кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, білім алушыларға еңбек нарығының талаптары, мамандық бойынша қызмет ету және кәсіби дамудың маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпарат берді.

Қонақ дәріс студенттердің теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастыруға, саланың бүгінгі жағдайымен танысуына және кәсіби бағдарын айқындауына мүмкіндік берді. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала маманынан мазмұнды жауап алды.

Университет түлегі Қырмызы Ерғалиеваның кәсіби жетістіктері жас мамандар үшін жарқын үлгі әрі үлкен мотивация болды.

Кездесу соңында кафедра ұжымы мен студенттер құнды ақпарат ұсынып, тәжірибесімен бөліскені үшін Қырмызы Ерғалиеваға алғыстарын білдірді.

Автор : Орақбаева А.Д.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник