«Welcome, Malaysia!»
2026 жылдың 9 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Зооинжерения және биотехнология» кафедрасында, Малайзиядан келген студенттерге арналған «Welcome, Malaysia!» атты ерекше ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында қонақтар қазақ халқының бай мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысты. Мерекелік бағдарлама аясында күмбірлеген күй шертіліп, әуезді қазақ әндері шырқалды. Сонымен қатар қонақтарға ұлттық дастарқанымыздың басты дәмдері — ыстық бауырсақ, шипалы қымыз бен шұбат, сондай-ақ құрт пен ірімшік ұсынылды. Бұл ұлттық тағамдардың қазақ дәстүріндегі киелі орны, дайындалу ерекшелігі мен қонақжайлылық символы ретіндегі терең байланысы кеңінен түсіндірілді.
Шара соңында кафедра меңгерушісі мен ұлағатты ұстаздар сөз сөйлеп, шетелдік білім алушыларға өздерінің ыстық лебіздері мен ақ тілектерін білдірді. Достық пен өзара құрметке негізделген бұл кездесу барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Орындаған: Кафедра ұжымы