10 қарашада 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғау өтті
2026 жылғы 10 қарашада сағат 15:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Байтаракова Куралай Жумановнаның «Алматы облысының тәлімі жер жағдайында шаруашылық-құнды белгілері бойынша ноқат сорттарын салыстырмалы зерттеу» тақырыбында 8D08113 – «Өсімдік селекциясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің № 10 хаттамасы негізінде Байтаракова Куралай Жумановнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.