KazNARU-да «ENGLISH SPEAKING CLUB» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

KazNARU-да «ENGLISH SPEAKING CLUB» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

2026 жылғы 11 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студенттердің ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған «English Speaking Club» сөйлесу клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Клубтың негізгі мақсаты – студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту және алған білімдерін күнделікті әрі академиялық қарым-қатынаста қолдануына мүмкіндік жасау.
Клуб жұмысын АҚШ-тың Fulbright English Teaching Assistant (ETA) бағдарламасының қатысушысы Малиха Чоудхури мен Тілдер кафедрасының оқытушысы Айлина Карибаева бірлесіп жүргізеді. Кездесулер барысында студенттер ағылшын тілінде пікір алмасып, түрлі тақырыптарды талқылайды және өз ойларын еркін жеткізуге машықтанады. Мұндай формат тілдік кедергілерді еңсеруге, өзіне деген сенімділікті арттыруға және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
«English Speaking Club» студенттердің халықаралық білім беру ортасына бейімделуіне, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына дайындалуына және болашақ кәсіби қызметіне қажетті тілдік құзыреттерді қалыптастыруына қосымша мүмкіндік береді.
Клубтың салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастыруға университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлмира Алпысбаева, Тілдер кафедрасының меңгерушісі Бауыржан Жонкешов және кафедра ұжымы атсалысты.
Жаңа клубтың ашылуы KazNARU-да көптілді білім беру ортасын дамытуға және студенттердің халықаралық қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды бастама болды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник