Студенттер III Халықаралық жас ғалымдар конгресіне қатысты!
2026 жылғы 12–13 қараша күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойына арналған III Халықаралық жас ғалымдар конгресі өтті.
Аталған ғылыми іс-шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ИС-24-08к, ИС-25-08к және ИС-25-01к топтарының студенттері қатысты.
Студенттердің конгреске қатысуы ИС-24-08к және ИС-25-08к топтарының кураторы Байғара Ә.Ә. және ИС-25-01к тобының кураторы Дильмагамбетова Б. М. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Конгресс аясында жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, ғылым мен инновацияның заманауи бағыттары талқыланды. Іс-шараға еліміздің және шетелдің жетекші ғалымдары, жас зерттеушілер мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Студенттердің осындай халықаралық деңгейдегі ғылыми іс-шараларға қатысуы олардың ғылыми дүниетанымын кеңейтуге, заманауи технологиялар саласындағы білімдерін тереңдетуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.