KazNARU-да GLOBAL SUSTAINABILITY CHALLENGE БАЙҚАУЫ АЯСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

KazNARU-да GLOBAL SUSTAINABILITY CHALLENGE БАЙҚАУЫ АЯСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Nazarbayev University-мен бірлесіп, Global Sustainability Challenge (2026–2027) халықаралық студенттік байқауының екінші маусымы өтетінін хабарлады.

Осы бастама аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) Халықаралық жасыл және тұрақты даму институты «Таза Қазақстан» бағдарламасының қолдауымен студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Global Sustainability Challenge – АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің Дорр атындағы тұрақты даму мектебінің бастамасымен өткізілетін халықаралық студенттік байқау. Оны Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде ілгерілету Nazarbayev University жанындағы NU Impact Foundation корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

Ақпараттық науқан аясында институт инженерлік технологиялар, IT және агробиология бағыттарында білім алатын студенттермен кездесулер өткізді. Қатысушыларға байқаудың мақсаттары, негізгі бағыттары, қатысу шарттары және тұрақты даму саласындағы өз жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері таныстырылды.

Кездесулерде экологиялық жауапкершілік, инновациялық шешімдер, ресурстарды тиімді пайдалану және тұрақты даму қағидаттарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Студенттерді кеңінен қамту мақсатында университеттің басқа факультеттеріне ресми ақпараттық хаттар жолданып, байқау туралы мәліметтер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылды.

Аталған жұмыстар студенттердің хабардарлығын арттыруға, жастарды инновациялық жобалар әзірлеуге ынталандыруға және тұрақты даму саласындағы белсенділігін күшейтуге бағытталған.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 22 қараша.

Халықаралық жасыл және тұрақты даму институты KazNARU студенттерін байқауға қатысып, өз идеяларын халықаралық деңгейде ұсынуға және тұрақты болашақты қалыптастыруға үлес қосуға шақырады.

Толық ақпарат және тіркелу: www.globalsustainabilitychallenge.org

---------Chatbot---------
виртуальный помощник