«Ақ қайың» жатақханасында «Сән әлеміне саяхат (1950–2026)» атты шығармашылық-тәрбиелік кеш өтті
2026 жылғы 19 қараша күні «Ақ қайың» студенттік жатақханасында университет тарапынан кезекшілік міндетін атқаруға келген оқытушы А.Д. Кожабекованың ұйымдастыруымен «Сән әлеміне саяхат (1950–2026)» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әр кезеңдегі сән үрдістерін таныстырып, өткен дәуір мен бүгінгі заманның киім үлгілері арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамы мен өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Кеш барысында студенттер 1950 жылдан 2026 жылға дейінгі сән әлеміне саяхат жасап, әр онжылдықтың өзіндік ерекшелігін, киім үлгілері мен қайталанбас стилін сахналық қойылым арқылы көпшілік назарына ұсынды.
Әр дәуірдің сәні – сол кезеңнің тарихы мен мәдениетінің айнасы. Сондықтан бұл іс-шара жай ғана сән көрсетілімі емес, студенттердің ұйымшылдығын, белсенділігін, шығармашылығы мен өзара ынтымақтастығын көрсеткен тағылымды кеш болды.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттерге А.Д. Кожабекова тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Осы орайда, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, ұйымдастыруға атсалысқан А.Д. Кожабековаға ерекше алғысымызды білдіреміз! Сонымен қатар, дайындық барысында өз үлесін қосып, белсенділік танытқан барлық студенттерге ризашылығымыз шексіз.
Осындай тәрбиелік мәні зор, шығармашылыққа толы кездесулер студенттердің жан-жақты дамуына және жатақхана өмірінің мазмұнды өтуіне үлкен үлес қосады деп сенеміз!