KazNARU-да ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
KazNARU-дың «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында болашақ талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (МЕТУ) колледжінен келген 1 және 3-курс студенттері қатысты.
Шараны университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлмира Алпысбаева ашып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Кездесу барысында талапкерлер университеттің білім беру бағдарламаларымен, жетістіктерімен, студенттік өмірімен және әскери кафедраның мүмкіндіктерімен танысты.
Кафедра меңгерушісі Лаура Мамаева мамандар даярлау бағыттары, оқу үдерісі мен зертханалық мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Әсіресе тағам өнімдерін өндіру және өңдеу технологиялары, өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, осы саладағы мамандардың кәсіби мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттердің концерттік бағдарламасы ұсынылып, қонақтар үшін университеттің ғылыми, инновациялық және білім беру орталықтарына экскурсия ұйымдастырылды. Колледж студенттері заманауи зертханалармен танысып, теориялық білімнің тәжірибемен ұштасуына мүмкіндік беретін оқу ортасын көрді.
Ашық есік күні талапкерлерге университеттің білім беру және ғылыми әлеуетімен жақынырақ танысып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар алуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер колледждер мен университет арасындағы сабақтастықты нығайтып, жастардың жоғары білім алуға және кәсіби дамуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.