ҚазҰАЗУ студенттері — «ТМД студенті» және «Азияның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауларының жеңімпаздары!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Су ресурстары және IT-технологиялар» факультеті, IT-технологиялар кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын ИС-23-10А тобының студенттері «ТМД студенті» және «Азияның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауларында жеңімпаз атанды.
Аталған байқаулар дарынды жастарды анықтау және қолдау, студенттердің білім беру, ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ түрлі елдердің жастары арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
«Азияның үздік студенті – 2026» номинациясының жеңімпаздары:
Ануш Форог;
Бадшахзой Фархад;
Джамал Хасибуллах;
Мохиби Мохаммед Шабир.
Жоғары жетістіктері, белсенді өмірлік ұстанымы және дамуға деген талпынысы үшін студенттер дипломдармен, алғыс хаттармен және төсбелгі медальдармен марапатталды.
Бұл жеңіс — студенттердің қажырлы еңбегінің, мақсаткерлігінің және білім алуға деген жауапкершілігінің лайықты нәтижесі. Олардың жетістігі ҚазҰАЗУ білім алушыларының жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, студент жастарға жарқын үлгі болары сөзсіз.
Студенттерімізді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта толағай табыс, тың идеялар, жаңа жобалар, кәсіби өсу және биік белестерді бағындыруды тілейміз!