ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU
Экология

ҚР заңнамасы және халықаралық конвенциялар бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи экологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, педагогикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Педагогикалық,  әдістемелік

(жоғары оқу орнының оқытушысы және колледж);

- ғылыми-зерттеу (инженер-эколог, менеджер-эколог, сарапшы-эколог);

- ұйымдастырушылық-басқарушылық (әзірлеуші экологиялық менеджмент жүйелерінің және өндірістік экологиялық бақылау (ПЭК) сапа жүйесі, өнім) және т. б.

Кәсіби қызмет саласы

ғылыми-зерттеу және білім беру салалары;

- экологиялық мониторинг қызметі, қоршаған ортаның сапасын бақылау және адам денсаулығы;

- ұлттық компаниялар, салалық министрліктер, ғылыми орталықтары мен зертханалары, жоғары оқу орындары;

- қоршаған ортаны қорғау, жеке экологиялық фирмалар мен үкіметтік емес экологиялық ұйымдар.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

ғылыми-зерттеу және білім беру салалары,

- экологиялық мониторинг қызметі, қоршаған ортаның сапасын бақылау және адам денсаулығы;

- ғылыми жобаларды әзірлеу және мемлекеттік, жеке және халықаралық қорлардың тендерлеріне қатысу;

- агроөнеркәсіптік кешендер.

Кәсіби қызмет функциялары

Білім беру бағдарламасы 8D05204 – «Экология» 3 (үш) білім беру траекториясын жүзеге асырады:

№ 1 «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану».

Білім беру бағдарламасының мақсаты – мониторингтік зерттеулер жүргізуде докторанттардың білімін тереңдету, олардың кәсіби қызметінде еңбек нарығының өзгермелі талаптарына және ҚОӘБ саласындағы қазіргі заманғы технологияларға үлкен маңызы бар қажетті білімдерді зерделеуі, сондай-ақ түрлі көздерден ақпаратты өңдеуі.

№2 «Экология және қоршаған орта мониторингі». 

Білім беру бағдарламасының мақсаты – ҚР заңнамасы және халықаралық келісімдер негізінде орнықты даму принциптеріне сай докторанттардың ҚОӘБ саласындағы өз бетінше жұмыс істеуге теориялық және практикалық дайындығын тереңдету.

№ 3 «Топырақ және қоршаған орта».

Білім беру бағдарламасының мақсаты – топырақ ресурстарын қорғау саласындағы инновациялық зерттеулер мен қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іргелі, әдіснамалық және практикалық білімін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жоғары білікті мамандарды даярлау.

Кәсіби қызмет түрлері

- білім беру (педагогикалық);

- ғылыми-зерттеу;

- ұйымдастырушылық - басқарушылық.

Дағды қалыптастыру

ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында; ақпараттық-коммуникативтік, жобалаушы және ұйымдастырушылық салаларда; табиғи ортаның ластануының алдын алу және экожүйелерді басқару бойынша эксперименттік ғылыми зерттеулер мен ұйымдастыру іс-шараларын жүргізуде

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

БББ 8D05204 -Экология (2025-2028).pdf

5451.579 KB

КЭД 8D05204 -Экология.pdf

879.863 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник