Жасанды интеллект жөніндегі маман
Қолданбалы бағдарламашы
Жасанды интеллект инженері
Компьютерлік көру бағдарламашысы
Нейрондық желілер жөніндегі маман
Жасанды интеллект, математикалық модельдеу, кеңістіктік-уақыттық деректерді талдау және цифрлық технологияларды географиялық ортадағы нысандар мен процестерді зерттеуге қолдану. Қолданылу облысы географиялық ортаның цифрлық егіздерін әзірлеуді, кеңістіктік және уақыттық заңдылықтарды анықтауды, геокартографиялық деректерді интеллектуалдық өңдеуді, мониторинг пен болжауды, сондай-ақ бұлттық есептеулер негізінде шешім қабылдауды қолдауды қамтиды.
Кәсіби қызмет саласы жасанды интеллект және үлкен деректер жүйелерінің өмірлік циклін қамтиды: талаптарды талдау, деректерді дайындау, модельдер мен бағдарламалық архитектураны жобалау, әзірлеу, тестілеу, енгізу және пайдалануды сүйемелдеу. Кәсіби қызмет объектілері: сараптамалық және интеллектуалдық жүйелер, машиналық оқыту мен нейрондық желі модельдері, компьютерлік көру қосымшалары мен жабдықтары, бейне және графикалық кескіндер, үлкен деректерді сақтау жүйелері, кеңістіктік-уақыттық деректер мен модельдер, географиялық ортаның цифрлық егіздері, бұлттық есептеу және геокартографиялық платформалар.
- Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект жүйелерін жобалау және әзірлеу
- Кеңістіктік-уақыттық және үлкен деректерді дайындау, өңдеу және талдау
- Географиялық ортаның цифрлық егіздерін әзірлеу
- Геокартографиялық деректерді интеллектуалдық өңдеу және визуализациялау
- Геокартографиялық деректерді интеллектуалдық өңдеу және визуализациялау
- Геокартографиялық деректерді интеллектуалдық өңдеу және визуализациялау
- Жобалау-технологиялық қызмет — кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект жүйелерін, геоақпараттық жүйелерді және цифрлық егіздерді жобалау, әзірлеу және енгізу.
- Бағдарламалық-технологиялық қызмет — кеңістіктік-уақыттық және геокартографиялық деректерді өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, тестілеу және сүйемелдеу.
- Талдамалық қызмет — жасанды интеллект және машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, кеңістіктік-уақыттық және үлкен деректерді жинау, өңдеу, талдау және интерпретациялау.
- Ғылыми-зерттеу қызметі — жасанды интеллект әдістерін, кеңістіктік-уақыттық модельдеу, болжау және геокеңістіктік процестерді талдау әдістерін зерттеу.
- Модельдеу және болжау қызметі — кеңістіктік-уақыттық процестер мен құбылыстарды талдау және болжау үшін математикалық және интеллектуалды модельдерді әзірлеу.
- Геоақпараттық және картографиялық қызмет — геокеңістіктік және геокартографиялық деректерді интеллектуалды өңдеу, талдау және визуализациялау.
- Пайдалану және сүйемелдеу қызметі — кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект жүйелерін енгізу, баптау, пайдалану, мониторингілеу және сүйемелдеу.
- Цифрландыру және деректерді басқару қызметі — ұйымдарды цифрлық трансформациялау және кеңістіктік ресурстарды басқару үшін Big Data, бұлттық есептеулер, цифрлық егіздер және жасанды интеллект технологияларын қолдану.
-
Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект жүйелерін жобалау және әзірлеу.
-
Кеңістіктік-уақыттық деректер мен үлкен деректерді (Big Data) дайындау, өңдеу және талдау.
-
Географиялық ортаның цифрлық егіздерін әзірлеу және енгізу.
-
Геокеңістіктік және геокартографиялық деректерді интеллектуалды өңдеу, талдау және визуализациялау.
-
Кеңістіктік-уақыттық процестер мен құбылыстарды модельдеу және болжау.
-
Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект жүйелерін енгізу, пайдалану және сүйемелдеу.